Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды шашынан сүйреп, көше бойында соққыға жыққан
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 маусым, 2025
- 609

Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды соққыға жыққан. Миы шайқалып, бет-аузы көгерген қыз қазір ауруханада жатыр. Полиция "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдері анасы мен қызы ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көріп келгенін анықтаған. Мамандардың айтуынша, күдікті әйелі мен өгей қызына күн көрсетпей, ұрып-соққан.
Полиция бұл жағдай бойынша "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен іс қозғап, тергеуді бастап кетті.
"Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың өгей әкесінен қорлық көріп, оны ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Көмек сұрады. Бүгін психологымыз барып қызбен сөйлесіп, оған моральдық, психологиялық қолдау көрсетті. Қыз баланың бойында әлі де қорқыныш, үрей бар", –дейді кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мүшесі Светлана Әлібекова.
Оның айтуынша, қазір бұл іс бойынша комиссия мен полиция департаменті және облыстық прокуратура бірігіп жұмыс істеп жатыр.