Дзюдодан әлем чемпионатында Абиба Абужақынова мен Мағжан Шамшадин жарысты жеңіспен бастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 маусым, 2025
- 136

13 маусым Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Алғашқылардың бірі болып татамиге шыққан қазақ спортшылары – Абиба Абужақынова мен Мағжан Шамшадин жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин алғашқы айналымда америкалық Дэвид Тераоны жеңді. Оның келесі қарсыласы – испаниялық Францизко Гаригос.
48 келіге дейінгі салмақта сына түскен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Абужақынова қосымша уақытта "юко" әдісін жасап, ресейлік Марина Воробьевадан айласын асырды.
Ал дәл осы салмақта өнер көрсететін тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева нидерландтық Эмбер Херсйэстен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
13-19 маусым күндері дзюдодан ерлер және әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік доданы Kazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салатын болды
Ұқсас жаңалықтар
"Халықтың тілегі қабыл болды". Өзбекстан футболдан әлем кубогына жолдама алды
- авторkyn.kz
- 6 маусым, 2025
Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2025