Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Айғайлап, көліктің төбесіне басын ұрған»: Жамбыл облысында әскерге шақырылған жігіт әскери қызметтен жалтарды

«Айғайлап, көліктің төбесіне басын ұрған»: Жамбыл облысында әскерге шақырылған жігіт әскери қызметтен жалтарды
Сурет: @jagdaikz
Жас жігіт өзін әскерге күштеп алып кетпек болғандарға қарсылық көрсетті

Әлеуметтік желілерде әскери киімдегі екі ер адам жас жігітті көлікке күштеп отырғызуға тырысқан видео тарады. Бұл Жамбыл облысында түсірілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірақ жігіт қарсылық көрсетіп, айғайлап, көліктің төбесіне басын ұрған. Мұндай әрекетінен кейін оны босатып жіберген. Осыдан соң жас жігіт ми шайқалу диагнозымен ауруханаға түскенін жазады автор.

Айта кетсек, азаматтарды әскерге күштеп алып кету жағдайлардың видеолары бұған дейін де желіде тараған.

Қорғаныс министрлігі бұған дейін мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарлы түрде жүріп жатқанын хабарлаған. Бірақ кей азаматтар шақыру қағазын алғанымен, көрсетілген күні келмейді. Мұның басты себебі  тіркелген мекенжайында тұрмауы. Егер шақыру қағазын қолына табыстау мүмкін болмаса, полиция өкілдері оларды мәжбүрлі түрде әскери бөлімге жеткізеді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар