Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Amanat партиясы депутатының компаниясы Атырау облысында 140 тендер ұтып алған

Amanat партиясы депутатының компаниясы Атырау облысында 140 тендер ұтып алған
Сурет: azattyq-ruhy.kz
Депутаттың компаниясы тендер ұтып алғаны белгілі болды

Әділ Жұбанов мәжіліс депутаты болып сайланғанға дейін Атырау облысындағы “БатысАльянсСтрой” компаниясын басқарған және екі құрылтайшының бірі болған. Қазір ол ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы ретінде тіркелген. Заңгер, PhD докторант Әлішер Қадырбеков мұның қаншалықты заңды-заңсыз екенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kursiv Media желілік басылымына сілтеме жасап.

Айтуынша, Қазақстанда депутаттардан бизнесінен бас тарту талап етілмейді, тікелей өзі басқармаса болғаны.

2016 жылдан бері серіктестік қалалық құрылыс бөлімімен 101, ауылдық округтер және облыс әкімдігімен тағы 40 келісімшарт жасасқан. Қолданыстағы келісім-шарттардың жалпы сомасы – 15,2 млрд теңге. Қазір «БатысАльянсСтрой» компаниясын Жаңабай Жұбанов басқарады – мәжіліс депутатымен тегі мен әкесінің аты бірдей.

Сарапшы Әлішер Қадырбековтің түсіндіруінше, егер депутат бизнесті басқаруды сенімгерлік басқару шарты бойынша тапсырса, онда заңнамада депутатқа компания құрылтайшысы болуға тыйым салынбайды.

«Депутат бизнестегі үлестің иесі болып қала алады. Ең бастысы, басқаруға қатыспауы және тікелей пайда көрмеуі керек», – деп түсіндіреді заңгер.

Оның айтуынша, бұл «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» заңда қарастырылған. Егер депутат осы ережені бұзса, Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша оның өкілеттігі тоқтатылуы мүмкін. Мысалы, ол компанияның басшылық құрамына кірсе немесе оның атынан келісім-шарттарға қол қойылса.

Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін депутаттар активтерін, бизнестегі үлесін және табыстарын декларациялау керек; парламентке сайланғаннан кейін 30 күнде бизнесті басқаруды тапсыру керек; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауға бағыну керек.

«Бақылауды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Орталық сайлау комиссиясы және Депутаттық этика жөніндегі кеңес іске асырады. Олар депутаттың заңды қалай сақтайтынын, шектеулерді бұзбағанын тексереді», – дейді Қадырбеков.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар