Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәкен Майғазиев: Құранды жатқа айтатындай дәрежеге жетсек деймін

Сәкен Майғазиев: Құранды жатқа айтатындай дәрежеге жетсек деймін
ашық дереккөз
Әнші өзінің ағылшын тілін меңгере алмай жүргенін жасырмады.
Сәкен Майғазиев бірнеше тіл меңгеруге қатысты пікір білдіріп, барша халықтың Құранды жатқа айтатындай дәрежеге жеткенін қалайтынын сөз қылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап. «Ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгергенмін. Ағылшынды, тіпті, араб тілін меңгерсек екен, Құранды сүрінбей оқитындай жаттасақ екен деп жүрген азаматтардың бірімін. Күйбен тіршілік бар. Бір шетінен отбасыңа көңіл бөле алмай жатқан кезде, мұндай қызығушылықтар қалып қойып жатыр», - дейді ол. Сондай-ақ, әнші ағылшын тілін білмеуі жұмысында қиындық тудыратынын жасырмады. Әсіресе, шәкірттерімен жұмыс істеген кезде. «Міндетті емеспіз, десе де білуіміз керек деген пікірдемін. Ұстаз болып, қаншама адамды тәрбиелеп жатқан жайым бар. Кейбір жоғарғы ноталарды, мелизматикаларды өзің орындап көрсетсең, нұр үстіне нұр болады. Қазір, Аллаға шүкір, шәкірттерім барлығын жақсы орындайды. Сөзбе сөз қайталап бере алмасам да, вокалмен көрсетуге тырысамын. Бірнеше тіл білу – мәдениетіңнің еселеп артқанының көрінісі», - дейді ол. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар