«Кеткен адам қайтып келмейтіні белгілі»: ағайынды Тоқтаубаевтардың анасы ұлдарының қандай болғаны туралы сөз етті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:51
- 145

Шерзат Полаттың ісі бойынша 7 және 15 жылға сотталған ағайынды Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардың анасы тергеу ісінің дұрыс жүрмегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Айгүл Кемелбекова «Ел дауысы» ютуб арнасына сұхбат берген.
«Кеткен адам қайтып келмейтіні белгілі. Түсінеміз оны да. Төбелес кезінде біріне бірі басу айтып, алып кетулеріне болатын еді. Қазіргі жастар қызуқанды. Амал қанша, сол топта болғаннан кейін менің де балаларым кінәлі болып қалды. Нұрбол мектеп бітіріп, оқуын оқыды. Мамандығымен жұмыс істеп жатыр. Нұрболдың қандай екенін бүкіл ауыл біледі. Азамат бәлен рет сотталған деп айтудың қажеті жоқ. Жігіт болғаннан кейін араларында төбелес болады. Бала болды. «Бір биеден ала да туады, құла да туады» дейді ғой. Мен Азаматқа бөлек тәрбие, Нұрболға бөлек тәрбие берген жоқпын. Үш балам бар. Үлкені Нұрбол, ортасында Азамат, одан кейін мектепте оқитын қызым бар. Ұлдарымды бүкіл Қазақстан қанішер деп пікірлер қалдырып жатыр. Балаларымыз үшін күйіп отырмыз. Бала үшін отқа да, суға да түсіп жатырмыз. Тергеу басынан дұрыс жүрмеген», - дейді ол.