Мәдениет
Ерке Есмахан үшінші сәбиімен бірге перзентханадан шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:25
- 447

Ерке Есмаханды күйеуі перзентханадан шығарып алды
Белгілі әнші Ерке Есмахан перзентханадан шықты. Ол үшінші сәбиін босанған еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі күйеуі Райммен бірге үшінші ұлын перзентханадан шығарған сәтін жариялады.
«Керемет күн. Бүгін үйге шығып жатырмыз. Жай ғана үшеуміз шықтық. 2 ұлымыз сыртта тұрды. Аллаға сансыз шүкір», - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар үйде сәбиді барлығы жиылып күтіп отырғанын жазды.
"Үйге келсек ата-әжелері, бауырлары Батыр баланы қой сойып, күтіп отыр екен. Тілек, баталар қабыл болсын", деп жазды ол.