Шәріп Серіктің түрмеде Бишімбаевпен бірге отырған видеосы тарады: ЖИ-де жасаған авторға қатысты шешім белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:36
- 90

Бұрынғы сүйіктісіне қол көтеріп, басы дауға қалған актер Шәріп Серіктің Қуандық Бишімбаевтың қасында отырған сатиралық видеосына қатысты іс қозғалған жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өзін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен арыз жазған болатын. Айтуынша, аталмыш видео оның ар-намысына тиген. Өзін Бишімбаевпен салыстыру орынсыз екенін, "екінші Бишімбаев бола алмайтынын" атап өткен болатын.
Осыдан кейін видеоның авторы, контентмейкер Арман Тұрлыбековтің жұмысын полицейлер тексерді. Ол бейнежазба астына "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" деп жазған.
Полиция видеода жеке өмірге қол сұға алмаушылық немесе басқа құқықбұзушылықты анықтаған жоқ. Өтініш "қылмыс белгілерінің болмауына байланысты" қараусыз қалды.