Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып алып басымды екі жаққа ұрды»: блогер Зарина Сапар бұрынғы күйеуі туралы шындықты айтты

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып алып басымды екі жаққа ұрды»: блогер Зарина Сапар бұрынғы күйеуі туралы шындықты айтты
Сурет: видеодан скриншот
Зарина Сапар бұрынғы күйеуінен қорлық көргенін айтты

“Қалаулым” жобасы арқылы танылған блогер, жайдарманшы Зарина Сапар бұрынғы күйеуі Айдос Игіліковтің өзін ұрғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол “Айтарым бар” подкастына сұхбат берді.

”Бірнәрсе деп боқтады. Сол кезде көтеріліп кетіп “боқтамаңыз” дедім. Бірақ мен оны боқтап, жаман сөз айтқан жоқпын. Дауыс көтеріп қана жауап бердім. Бұл оған ұнамай, мені артқа қарай итерді. Итерген кезде пісіріп жатқан бәліштерге құлаймын. Сол сәттен бастап сүйікті адамға бірдеңе істеп беруге ниетім кетіп қалды. Мен де орнымнан тұрып табақпен бір ұрдым. Дастархандағы пышақты алып не мен, не сен өлесің деген ойым болды. Екі күн бұрын аяғым ауыр, ішіме отырып алып басымды екі жаққа ұрды. Өзі біледі, еркек болса мойындайтын шығар”, — деді блогер.

Еске салсақ, журналист Айдос Игіліков Түркістандағы белгілі телеарнада жұмыс істеген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар