Шымкентте науқастарды зорлаған деген айыппен екі санитар 15 жылға сотталды
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:11
- 187

10 маусымда Шымкенттің ауданааралық қылмыстық соты шығарған үкімге сай, Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында екі науқас қызды зорлаған деген айып тағылған екі санитар — 33 жастағы Нұрбек Даржанов пен 43 жастағы Нұрлан Дүйсебаев 15 жылға бостандығынан айырылды. Бұл туралы kz.kursiv.media хабарлады.
Екі санитар 120-баптың 3-1-бөлігі 1-тармағы, яғни кәмелетке толмаған не психикалық ауытқуы бар адамдарды зорлау бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған қоса олар педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкіміне сотталушылар пікір білдірген жоқ. Ал туыстары мен қорғаушылары үкімге келіспейтінін айтты. Олар апелляциялық шағым түсірмек.
Бұл істе екі жәбірленуші бар. Оның бірі — 17 жастағы қыз бала. Екінші жәбірленуші — 22 жастағы бойжеткен. Олар былтыр шілде-тамыз айлары аралығында Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығына жиырма күнге ем-дом алуға жіберілген. Екеуі орталықта бір уақытта болған.
Психикалық денсаулық орталығындағы бұл жағдай туралы Азаттық былтыр желтоқсанда жазған.
Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында әйел мысық тістегеннен кейін қайтыс болды
- авторТомирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:24