Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бір үйдің жалғыз ханшайымы болу маңдайыма жазылыпты”: Ерке Есмахан көпшілікке алғыс айтты

"Бір үйдің жалғыз ханшайымы болу маңдайыма жазылыпты”: Ерке Есмахан көпшілікке алғыс айтты
Сурет: желідегі парақшасынан
Перзентханадан шыққан Ерке Есмахан суреттерін көрсетті.

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің бір үйдің жалғыз ханшайымы екенін айтып, оқырмандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол перзентханадан шыққан суреттерін жариялады. 

"Бір үйдің жалғыз ханшайымы, ледиі болу маңдайыма жазылыпты. Мені қолдайтын, қорғайтын, еркелететін жанұям аман болсын! Толассыз хаттармен ақ ниетін білдірген қазақ еліне алғысым шексіз! Осындай бақыт сіздерге де жұғысты болсын! Суретте Райымбек Батырым! Аллаға сансыз шүкір", – деді әнші.

Айта кетейік, эстрада жұлдызы үшінші ұлын дүниеге әкелген еді. 

“Керемет күн. Бүгін үйге шығып жатырмыз. Жай ғана үшеуміз шықтық. 2 ұлымыз сыртта тұрды. Аллаға сансыз шүкір", – деді өнер иесі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар