Спорт
Алаяқтық жасады деп айыпталған Сәкен Мұсайбеков "Барыс" хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 маусым, 2025
- 907

Сәкен Мұсайбеков "Барыс" хоккей клубының бас директоры қызметіне келді.
"Барыс" хоккей клубының бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол 2021 жылы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Сәкен Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді. Ол пара ретінде құны 3 миллион теңгеден асатын әйелдер сөмкесін алғаны айтылды. Кейін тәркіленген Hermès сөмкесі электронды аукцион арқылы 4,5 миллион теңгеге сатылды.
Осыған дейін Сәкен Мұсайбеков Ұлттық Олимпиада комитетінде қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент және Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры қызметін де атқарады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
«Реалмен» ойыны қарсаңында «Қайрат» футбол клубына 393 200 теңге айыппұл салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қыркүйек, 2025
Спорт
"Қайрат" "Реалмен" өтетін матчтың билеттері түгел сатылып кеткен
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қыркүйек, 2025