Қоғам
Жамбыл облысында көзі көрмейтін енесінің атынан бірнеше несие алған келін сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:06
- 177

Келіні енесінің атынан бірнеше несие алып, төркініне қашып кеткен
Жамбыл облысында келіні көзі көрмейтін енесінің атынан онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Келіні енесінің көзінің көрмейтінін пайдаланып, атынан бірнеше несие алып, қашып кеткен. Ол зейнеткерді ЭЦҚ ашып беретінін айтып алдаған.
«Бұндай да болады екен. Жамбыл облысында келіні көзі көрмейтін енесінің атынан онлайн түрде бірнеше кредит алып, төркініне қашып кеткен. “ЭЦҚ ашып беремін” деп алдапты. Сотта енесі жеңіп, “келінге” 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындалды», - деп жазды Даулет Мұқаев өз парақшасында.
Желі қолданушылары да неше түрлі жазуды. Кейбір келіндер өздерінің атынан енесі мен күйеуі бірнеше несие рәсімдегенін айтса, енді бірі ене мен келінді тартыстырып қойған қоғамды кінәлады.