«Денсаулық тілеуіміз керек»: Ермек Көшербаев Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:12
- 552

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстанның тұңғыш президентінің жары Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты сұраққа жауап беруге тырысты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ulysmedia тілшісі шенеуніктен Сара Алпысқызының денсаулығы туралы не білетінін сұрады.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан басқа маған беймәлім. Бұл туралы түрлі талқылаулар, жорамалдар болды. Егер расында ауырып жатса, оған денсаулық тілеуіміз керек деп ойлаймын», – деді Көшербаев.
Айта кетейік, Ермек Көшербаевтың Назарбаевтар отбасымен алыс туыстық байланысы бар.
14 мамыр күні бірнеше дереккөз 84 жастағы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан. Алайда бұл мәліметті тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай былтыр желтоқсан айында да болған. Ол кезде де Сара Назарбаеваның ұзаққа созылған сырқаттан кейін өмірден өткені туралы ақпарат тараған.