Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады»: депутат Дәулет Мұқаев тұсаукесетінін жарнамалады

«10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады»: депутат Дәулет Мұқаев тұсаукесетінін жарнамалады
Сурет: ашық дереккөздерден
38 жастағы келіншектің тұсауын кескен депутат Дәулет Мұқаев келесі ай балалардың тұсаукесетінін жариялады

Депутат Дәулет Мұқаев көпшілікке келесі айда балалардың тұсауын кесетінін айтып, жарнамасын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ол бір күнде бірнеше баланың тұсауын кесетінін айтып, ертерек жазылуға шақырды.

"Stories-те жарнама бере сала менеджерге жазып, тіркеліп үлгеру керек. Бір жарнама бергенде 10-12 минут ішінде 50-60 баланың тізімі толып қалады. Содан кейін жарнама өшеді, менеджердің байланыс нөмірлері де өшеді", – дейді Мұқаев.

Еске салсақ, депутат Дәулет Мұқаев 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кесіп, сынға ұшыраған болатын.

“Өзінің өтініші бойынша, 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кестім. Ақ жол! Бастысы оқырманымның гештальты жабылды, арманы орындалды”, – деп жазған еді блогер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар