Қазақстанда қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтқан балалардың ата-аналары 700 мыңнан аса айыппұл төлейді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:18
- 220

Елімізде ендігіде қоғамдық орындарла бұзақылық жасап, қорлау сөздер айтқан кәмелетке толмағандардың ата-аналары жазаланатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауызша, жазбаша немесе интернет арқылы айтылса да жауапкершілікке тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес, адамның ар-намысына тіл тигізу мен қорлау – қылмыстық теріс қылық болып саналады.
Ал әлеуметтік желілердегі буллинг пен дөрекілік үшін айыппұл 200 АЕК-ке дейін (786 400 теңге) жетуі мүмкін.
Мұндай әрекет үшін мынадай жаза қарастырылған:
– 100 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы бұл 393 200 теңге);
– не түзеу жұмыстары;
– не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар.
Егер қоғамдық жерде боқтау фактілері болса, бұл ұсақ бұзақылық болып саналады (ҚР ӘҚБтК 434-бабы):
– 20 АЕК айыппұл (78 640 теңге);
– немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау;
– жыл ішінде қайталанса – 30 тәулікке дейін қамауға алу.
Егер бейәдеп сөз айтып, бұзақылық жасаған жан кәмелетке толмаған болса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі. Бұл баланың жасына байланысты:
– 14–16 жас аралығы – ата-анасына 7 АЕК (27 524 теңге) айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 435-бабы);
– 16–18 жас аралығы – жасөспірімнің өзіне жаза тағайындалады. Егер табысы болмаса, айыппұлды ата-анасы төлейді (10 АЕК-ке дейін — 39 320 теңге, ҚР ӘҚБтК 66-бабы);
– 12 жасқа дейінгі балалар – ата-анасы тәрбиесі үшін жауап береді (ҚР ӘҚБтК 127-бабы), айыппұл — 10–15 АЕК (39 320 – 58 980 теңгеге дейін).