Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Руслан Берденовті атқан күдіктінің ісі бойынша тергеу аяқталды

Руслан Берденовті атқан күдіктінің ісі бойынша тергеу аяқталды
Сурет: Шымкент әкімдігі
Руслан Берденовтің ісі бойынша іс сотқа әлі түспеген

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атқан күдіктінің ісі бойынша тергеу аяқталды. Іс прокуратураға жолданады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Тергеу аяқталды, қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Осыдан кейін іс прокуратураға, кейін сотқа жолданады. Қазіргі уақытта жәбірленуші Берденовтің ісі бойынша іс сотқа әлі түспеді”, - деп түсіндірді сот өкілдері.

Еске салсақ, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Руслан Берденовті әкімдіктің алдында атып кеткен болатын. Оның оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар