“Ербаян үшін дұға етіңіздер”: әскерден мүгедек болып оралған сарбаздың қазіргі жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:58
- 19

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы массажист Ұлпан Советбековна мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Ербаянның денсаулығы жақсарып келеді. Арқасын тік ұстап, аяғынан тұра алатын болған.
"Ербаян Стамбулдан оралғаннан кейінгі сауықтыру жұмыстарының басталғанына тура 4,5 ай толды. Баяу болса да, тұрақты түрде алға ілгерілеуді байқап отырмын. Қазір ол арқасын тік ұстай алады, аяғында тұрады, мойнын бақылай алады, сол қол-аяғында айтарлықтар реакция бар, салмақ қосты, ауыз-қуысымен толықтай жұмыс жасай аламыз— ал бұл бастың ауыр операциясынан кейін небәрі 7,5 ай өткенде қол жеткен өте жақсы нәтиже", – деді Ұлпан Советбековна.
Алайда Ербаянды алда емделудің екінші кезеңі күтіп тұрғанын айтады маман.
"Әуел бастан-ақ оның толық сауығып кететініне сенемін. Аз қалды. Сіздерден өтінерім Ербаян үшін дұға етіңіздер. Ол бәрін сезіп, бәрін түсінеді. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Үлкен рақмет!" – деп жүгінді массажист.
Еске салсақ, бір жарым жылдан астам уақыт бұрын Алматыдағы бөлімде әскери қызметте Ербаян Мұхтар ауыр жарақат алған еді.