Келесі жылы кімдерде зейнетақы мен жәрдемақы көбейетіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:36
- 38

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кімдердің зейнетақысы мен жәрдемақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министр зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қатысты сұраққа жауап берді.
"Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне байланысты 10 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. 2026 жылға арналған бюджетте бұл мақсатқа 622 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған", - деді министр.
Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы алатын барлық адамның зейнетақысы көбейетінін айтты.
"Сондай-ақ мүгедектігі бар жандарға, балаларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін төлемдер, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақылар артады. Негізгі базалық көрсеткіштер ұлғайтылады", - деді парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Светлана Жақыпова.