Қарағандыда көпбалалы ана екі баласын 6 млн теңгеге сатып жіберген.
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2025
- 450
Қарағандыда екі баласын 6 млн теңгеге сатты деп айыпталған әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі облыстық мамандандырылған сотының судьясы осындай үкім шығарды.
Көпбалалы ана бұл әрекетке қаржылық қиындықтан барғанын айтты. Ол 2022 және 2023 жылдары дүниеге әкелген балаларын туа салысымен екі отбасына таныс медбике арқылы берген.
Әйел Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Бүгін сәбилерді асырап алған отбасылар мен медицина қызметкері, балалардың анасы яғни барлығы 6 адамға қатысты үкім шықты.
Әйел медбикемен бірге сәбилері үшін 6 миллион теңге алған. Құжатта асырап алушылардың күйеулерін баласының әкесі етіп көрсеткен. Осы айғақтар ескеріліп медбике 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал сәбилерді асырап алған 4 ата- ана 8 жылға шартты жаза алды. Олар сотта 15 жыл бойы балаға зар екендерін және балаларды қатты жақсы көретіндерін айтты.
«Айыпталушы қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару мекемесінде өтейді. Медбике азаматша 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Екеуі сот залынан тұтқындалсын», - деді судья Дулат Борабаев.
Ұқсас жаңалықтар
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




