Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жүкті әйелге құрылыспен жүру оңай емес”: Жұлдыз Әбдікәрімова үйіндегі жөндеу жұмыстарын көрсетті

“Жүкті әйелге құрылыспен жүру оңай емес”: Жұлдыз Әбдікәрімова үйіндегі жөндеу жұмыстарын көрсетті
Сурет: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Жұлдыз Әбдікәрімова жалғыз өзі жүріп жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйінің жөндеу жұмыстарын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Айтуынша, жүкті болса да үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгеруде.

“Жалғыз емеспін ғой, бөпеміз екеуміз әйтүп-бүйтіп бітіріп жүрміз. Бірақ үнемі солай болған. Тек осы жолы сыртымда – төртеу, ішімде – біреу. Әрине, жүкті әйелге құрылыспен жүру оңай емес. Бірақ балаларға жауапкершілікті өз мойныңа алған кезде ештеңеге де, ешкімге де қарайламайды екенсің! Оның үстіне өсіп қалған балаларың барда, еріксіз өзіңді қамшылайсың да, тек алға қарай жүресің! Бұл да өтеді..." – деп жазды актриса. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар