Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"600 мыңнан миллион теңгеге дейін санап берген": Англияға жұмысқа орналастырамыз деген компания берген уәдесінде тұрмаған

"600 мыңнан миллион теңгеге дейін санап берген": Англияға жұмысқа орналастырамыз деген компания берген уәдесінде тұрмаған
Сурет: migrant.kg
Англияға құлпынай теруге бармақ болған қазақстандықтар шетелге жұмысқа тұрғызамыз деген компанияны айыптады.

Алматыда қазақстандықтарды Англияда жұмысқа тұрғызбақ болған компанияның басы дауға қалды. Алты облыстан жиналған бір топ адам компанияны "ақшамызды алып, уәдеде тұрмады" деп айыптап отыр. Айтуынша, олар шетелде нәпақа тауып, "табысқа кенелеміз" деп ойлаған. Алайда әлі күнге дейін жұмысқа тұрмапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бүгін Алматыға "табыс табамын" деп тақырға отырған бұл топ адам алты облыстан жиналды. Олар Англияға барып, жұмысқа тұруға ниеттілер. Тіпті кейбірі жалдамалы жұмысшы ретінде бару үшін несие рәсімдеп, бар ақшасын берген. Айлық көлемі 1 млн 200 мың теңге болады деген уәдеге сенген.

"Компанияға ТикТок арқылы келдім. 2023 жылы 21 мамырда Гүлнұр ханымға 800 мың теңге жіберілген. Содан бері екі жыл өтті, ақшамды ала алмай жүрмін. геніме. Әне-міне деп, Бота деген адам ақшамды бермей жүр", - дейді Ғазиза Айсикенова.

Алданғандар кемі 600 мыңнан миллион теңгеге дейін санап берген. Бұған тек ұйымдастыру қызметі ғана кірді, дейді олар. Яғни шетелде жүріп-тұруы, виза, тіпті ұшақ билетінің құнын жәбірленушілер өзі бөлек төлеу керек болған. Алайда әлі күнге дейін уәде орындалмаған.

"Берген уәдесінде "екі айдың ішінде жібереміз" деген. Екі ай өтіп кетті. Одан кейін қыста, желтоқсанда жібереміз деді.  Сонда 650 мың теңгені анкета толтырғаны үшін осыларға беріп отырмыз. Оған қоса ұшақ билетінің ақшасын өз қалтамыздан шығарамыз, визаға да өзіміз төлейміз", - дейді Асылбек Бердімұратов.

Кепілхатта жұмысшы шетелге шықпаса, ақша үш күнде қайтарылады деген. "Бірақ бір жарым, екі жыл өтіп кетті" деп күйінеді жиналғандар. Компания өкілдері 200-ге жуық адамның қаражатын қайтардық дегенді алға тартады. "Қалғанының да мәселесі шешіледі" деп сендірді.

"700 адамнан 300 адам қалса, олардың ақшасын жіберіп жатырмыз. Тек халық ренжіп, түсінбей отыр. Бәрін қайтарып жатырмыз. Біз күзгі презентацияға дайындалып жатырмыз, алдымыздағы. Жаңа келген адамдар. Қалатыны қалды, тағы да кіреміз дейді. Биыл қазанда, бұрын барғаны тағы да кіреміз дейді. 53 миллион қайтарылды, ол қаңтардан бүгінге дейін", - дейді Jumys.uk компаниясының директоры Бота Жүнісова.

Бүгін жиналған қауым Әуезов ауданының полиция басқармасына ұжымдық арыз түсірді. Енді құрамында қылмыс әрекетінің бар екені негізге алынып, алаяқтық бабы бойынша іс қозғады. 

"ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы бойынша, яғни бір емес, бірнеше рет алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір қылмыстық іс жүргізу кодексімен кезделген барлық тергеу басталып кетті. Сот және прокуратураның келісімен күдіктілер міндетті түрде анықталып, бұлтартпау шарасы тағайындалады", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар