Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жетістікке жету, сәтсіздікке ұшырау да – әйелден»: Жан Мұқанов отбасындағы ер мен әйелдің міндетін сөз қылды

«Жетістікке жету, сәтсіздікке ұшырау да – әйелден»: Жан Мұқанов отбасындағы ер мен әйелдің міндетін сөз қылды
Сурет: weproject.media
Жан Мұқанов баланың қандай болып қсуі тікелей оның анасына байланысты екенін айтты.

Продюсер Жан Мұқанов баланың қандай болып өсетініне анасы жауапты екенін айтты. Ол әйелдер мен ерлердің отбасындағы рөліне қатысты пікір білдірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол бұл туралы “Цукербектің көршілері” подкастына берген сұхбатында айтты.

“Әлемнің бүкіл зұлымдығы да, жақсылығы да – әйелден. Жетістікке жету, сәтсіздікке ұшырау да – әйелден. Ер адам жаман ба, онда, оны анасы солай тәрбиелеген. Елдің президенті нашар ма, оның анасы да сондай болған деген сөз. Адам бойына құндылықты сіңіретін – шешесі", – деді продюсер . 

Продюсер отбасында ер адам оны қорғау мен асырауға ғана жауапты екенін алға тартты.

"Ол қорғау мен асырау. Болды. Біздің бала тәрбиесіндегі рөліміздің үлесі 10 пайызға жетер жетпейтіндей ғана. Қалғанының бәрін балаға анасы береді. Шеше бақытсыз болса, одан қандай оңған ұрпақ шығады? Егер ана шаңырағында бақытты, сүйікті болса, өз-өзін дамытқан, оқыған, қызмет істеген болса – сол кезде ол нағыз азаматты тәрбиелеп шығарады", – деді медиа менеджер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар