Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астана күні мерекесінде ХҚО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Астана күні мерекесінде ХҚО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Сурет: gov.kz
Астана күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жарты күн қызмет етеді.

Астана күніне орай ХҚО мен арнайы ХҚО-лардың жұмыс кестесі қалай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

7 шілде, дүйсенбі күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.

«Сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚО-лар мен МХҚО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады», - делінген хабарламада.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар