Алматы облысында баланы қапқан иттің иесі сол сәттегі видеоны таратты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:21
- 276

Желіде Жалпақсайда иттердің 10 жасар баланы талаған оқиғаның видеосы тарады. Бұл туралы видео Inucobo Жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Максим нашақор адамдарға арналған оңалту орталығы қоршауының жанында ұзақ уақыт ойнаған. Бұл орталыққа ішімдік пен нашақорлықпен ауыратын адамдар орналастырылған. Ол жерде кинолог Алмаз иттерін торда ұстайды. Сол күні есік алдында америкалық булли күшіктері бос жүрген. Балалар осынша уақыт осы орталықтың жанында не істеп жүрді? Неліктен ата-анасы мұндай жерлерден аулақ жүруге үйретпеген? Иттер қоршаудың арғы жағындағы балаларға үріп жатқаны естіледі», - деп жазылған желідегі виедоның астына.
Жануарларды қорғаушылар балалар иттерді өздері ашуландырғанын жеткізді.
Иттің иеснің айтуынша, балалар ойнап жүріп бір-бірін итерген. Содан біреуі есік алдына құлап түскен. Қақпа темір болғандықтан бала содан да жарақаттануы мүмкін деп отыр. Алайда сараптама әлі жүргізілмеген.
Бейнежазбада баланың жылағаны көрінеді. Екіншісі біреуді көмекке шақыруға жүгіріп кеткен.