Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Адам танымастай өзгердім”: Алмас Өтешов ішімдіктен толықтай бас тартқанын айтты

“Адам танымастай өзгердім”: Алмас Өтешов ішімдіктен толықтай бас тартқанын айтты
Сурет: instagram.com/almas_uteshov
Ішкіліктен бас тартқан Алмас Өтешов өзінің өзгерген түрін көрсетті.

Бір кездері ішкілікке салынып кеткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері, қазақстандық спортшы Алмас Өтешов ішімдіктен қоштасқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады.

«Бұл суретті салмас бұрын біраз ойландым. Жариялаудың қажеті бар ма, жоқ па деген ойлар көп мазалады. Бірақ өзіме пайдасы болмаса да, қазақтың өзге жастарына ой саларлықтай дүние болсын деп желіге жүктедім», – деп жазды спортшы.

Өтешов ішімдіктен қалай бас тартқанын ашық жазды. 

«Нұрсейіт Жылқышыбай бауырымның «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатымда осы күннен бастап ащы суға жоламаймын деп халық алдында қасиетті Құранның атымен ант еттім», – дейді Алмас.

Сондай-ақ, спортшы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевқа, сондай-ақ Дәулет Тұрлыханов, Садық Мұстафаев, Илья Ильин сынды танымал тұлғалар мен достарына алғыс білдірді.

«Алты айдың ішінде адам танымастай өзгердім. Бұл – менің екінші тынысым, жаңа өмірімнің бастауы», – дейді Алмас Өтешов.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар