Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда сегіз ай бұрын жоғалған қыздың мәйіті табылды

Атырауда сегіз ай бұрын жоғалған қыздың мәйіті табылды
azh.kz
Ол соңғы рет ер адамның көлігіне отырып, өз көшесінен шығып кеткен.

Яна 2024 жылғы 18 қазанда жоғалып кеткен. Сол күні ол үйінен күртесіз шығып кеткен – кейін оған бір танысы телефон соққаны белгілі болды. Қыз үйге тез қайтамын деп ойлаған. Оны соңғы рет сол ер адамның көлігінде көрген, содан кейін Яна із-түзсіз жоғалып кеткен.

Анасы іссапардан шұғыл оралып, үйде қызының заттарын тапқан соң бірден полицияға хабарласқан. Тергеу барысында алғашқы айғақтар табылып, басты дерек – Янаның жеке күнделігі болған. Онда Р. есімді бір адам туралы айтылған. Дәл осы адам күдікке ілінді. Кейінірек екі ер адам – 24 жастағы Р. және оның 25 жастағы танысы ұсталды.

Тергеу дерегінше, олар қылмысты мойындап, қызды тұншықтырып өлтіріп, денесін Талдыкөл ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастағандарын айтқан. Қылмыстың нақты себебі әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Күдіктілер кінәсін мойындағаннан кейін ауқымды іздестіру жұмыстары басталған. Құтқарушылар, кинологтар, дрондар мен эхолоттар өзен жағалауын, түбін және қамыстарды іздеген. Алайда қыс түсіп, өзен қатып қалған соң, іздеу жұмыстары тоқтатылған.

2025 жылғы көктемде іздеу қайта басталды. Мыңдаған шаршы метр жер тексерілді, бірақ мәйіт тек маусым айының соңында табылған.

Қыздың мәйіті сараптама арқылы расталды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар