Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:39
- 106

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр.
«Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі”, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Астана әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұратынын жеткізді.
“Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі. Елордамыз әрдайым түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауында тұрады. Алдағы уақытта да Астанамыз Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық жаңғыру жұмыстарына ұйытқы бола береді деп сенемін”, – деді президент.
Тоқаев қаланың одан әрі өркендеуін, ал қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт пен бақ-береке тіледі.