Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тағы да әке атанғалы жатырмын»: Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығымен бөлісті

«Тағы да әке атанғалы жатырмын»: Айқын Төлепберген сүйінші жаңалығымен бөлісті
Сурет: жеке парақшасынан
Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанғалы жатқанын айтты.

Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші сәбиін күтіп жүр., деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Жаратқанның ерекше сыйы. Жаным Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр. Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын.

Айтпақшы, көп балалы әкеге қандай жеңілдіктер бар мемлекетімізден? Тегін жол жүру, ақшалай жәрдемақы дегендей", - деп жазған әнші.

Желі қолданушылары Айқын мен Жұлдызға ақ тілектерін айтып, құттықтады.

"Жаным сол. Бізге де жұғысты болсын!", "Жұлдыз өте ақылды қыз. Бақытты болыңдар!", "Көп балалы әкелер тойда тегін қызмет етеді енді", "Екеуі де әдемі, бақытты болыңдар. Алла өзі жар болсын", - деп жазды олар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар