Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қанша дегенмен көпті көрген”: Мұхамеджан Тазабек Назарбаевтың туған күнінде жазба жариялады

“Қанша дегенмен көпті көрген”: Мұхамеджан Тазабек Назарбаевтың туған күнінде жазба жариялады
Сурет: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek
Мұхамеджан Тазабек тұңғыш президенттің туған күніне орай ол туралы оқиғамен бөлісті.

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Астана күнімен тұспа-тұс келген тұңғыш президенттің 85 жас мерейтойына орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақын 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен отырыстағы ел біле бермейтін оқиғаны есіне алды. 

«Бүгін “Астана күні” “Домбыра мерекесімен” сәйкес кеп жатыр. Әрі Тұңғыш президенттің 85 ке келген мерейтойы да межесіне келіп тұр екен…

Үш құндылықтың басы біріккен бір жазбаммен бөлісейін.

Тазабек отырыста Қанат Саудабаев пен Аслан Мусинге қарата суырып салып жыр арнаған.

«Қанеке атағыңыз алыс кетті.
АҚШ қа елші болып барған кезде,
Қызығың көп, жасардай конспекті.
...
Қалайша охотаға ап шықтыңыз,
Қорғаныс министрі Рамсфелдті?!» – деген жерінде Қанат Саудабаев орнынан тұрып, жырдан қатты әсерленіп, шын көңілмен жауап қайтарғанын айтады.

Сондай-ақ Аслан Мусин туралы ел ішінде тараған бір аңызды өлеңге қосады:

«Сол кезде ат үстінен сіз секіріп,
Жанталаса құлапсыз жерге қарай.
Елбасыны тигізбей топыраққа,
Құшақтап, ап қалыпсыз кең даладай…», дейді. 

Жазба соңында ақын тұңғыш президент туралы жазған. 

«Қанша дегенмен көпті көрген, әлемдік алпауыттармен арбасып, отбасының да отына шыжғырылып, тау асып, тас басқан күрделі тұлға ғой. Оның көргенін көрмегесін, оның жолымен жүрмегесін, оның етігін кимегесін аузымыз жылдам айта береміз. Алла артық сөздеріміз үшін біздерді кешірсін!», - деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар