Үкімет коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруді кейінге қалдырды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:13
- 101

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.
Жиын барысында коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылғаны белгілі болды.
"Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады.
Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.