Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алты сағат еденде жатырмыз»: Ақтау әуежайында жолаушылар FlyArystan әуекомпаниясына шағымданып, шу шығарды (видео)

«Алты сағат еденде жатырмыз»: Ақтау әуежайында жолаушылар FlyArystan әуекомпаниясына шағымданып, шу шығарды (видео)
Сурет: видеодан скриншот
Әуежайда түнеген FlyArystan жолаушылары компания тарапынан еш жағдай жасалмағанын айтты.

Ақтау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының Ақтау – Алматы рейсі жолаушылары шағым түсірді. Олар ұшқыштың жоқтығына байланысты түнде әуежайда қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

FlyArystan жолаушылары бұл уақытта компания тарапынан еш жағдай жасалмағанын айтып, шағымданды.

"Алты сағат еденде, чемодандардың үстінде жатырмыз! Қатты суық, көрпе де жоқ, ақпарат та жоқ. Миллиардтаған табыс табатын компания, ал жағдай жертөледегідей!" – деп ашуланды жолаушылардың бірі.

Жолаушылар шу шығарған соң оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған.

FS 7178 Ақтау – Алматы рейсі 6 шілде күні сағат 02:05-те ұшуға тиіс болған, бірақ алдымен 06:45-ке, кейін 22:30-ға ауыстырылған.

Компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға сусындар мен тамақ берілгенін мәлімдеді. Ал 23 адам өздерінің сұрауы бойынша сағат 09:30-дан бастап қонақүйге орналастырылған. Сонымен қатар ақысыз қайта брондау мен билетті толық қайтару да ұсынылыпты.

"Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біз үшін ұшу қауіпсіздігі – басты басымдық", – деп атап өтті FlyArystan компаниясы өкілдері.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар