«Қоштасу хатын өзі жазбада»: Шерзаттың әпкесі Нұрқанаттың өліміне қатысты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:37
- 57

Перизат Нұрымова інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тың мәліметпен бөлісті. Айтуынша, қайтыс болар алдында жіберілген қоштасу хатын өзі жазбағанын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Перизат Нұрымова «Қазақ Айранға» берген сұхбатында айтты.
«Менің өзіме келетін бір күдік, біз бес ағайындымыз. Төртеуімізге ғана хабарлама келеді. Кішкентай сіңіліме хабарлама келмейді. Неге? Менің күдігім – оны білмейтін адам жазды. Қазіргі таңда ғана біздің бес ағайынды екеніміз енді біліп жатыр. Алайда бесінші кім екенін білмейді. Атын атамаймыз, түрін түстемейміз. Ол студент, сондықтан сол үшін өмірде қорқамыз. Бізсіз де достарымен жүретіні бар, басқасы да бар – қауіптенеміз. Оны Мейірман аға да біледі. Біздің бес ағайын екенімізді білмейтін адам жазған. Біріншіден, бесінші адамның кім екенін білмейтін адам. Білсе де, оған да хабарлама жазар еді. Сіңілімнің Шерзаттың арасы екі-ақ жас», – деді Перизат Нұрымова.