Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында сібір жарасы: екі ауыл карантинге жабылды

Ақмола облысында сібір жарасы: екі ауыл карантинге жабылды
Сурет: АПК Новости
Ауылдардағы карантин 15 күнге созылады.

Ақмола облысы Атбасар ауданында екі ауыл сібір жарасы кеселіне байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров растады.

Маусымның аяғында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Атбасар ауданында бірнеше адамның сібір жарасын жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Ол кезде төрт жағдай тіркеліп, науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Министр олардың қажетті медициналық көмек алып жатқанын, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Сол кезде Әлназарова бұл ауданға карантин енгізілмейтінін айтқан.

Бүгінде Атбасарда карантин енгізілгені белгілі болды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, сібір жарасы анықталған ауылдарда алдымен шектеу шаралары қабылданған. 19 адамнан сынама алынған: олардың жетеуінде сібір жарасы расталып, қалған 12-сінде - теріс нәтиже көрсеткен.

"Мал мен адамдардың қозғалысына тыйым салынды - ол жаққа кіруге рұқсат жоқ. Біз шлагбаум орнаттық. Республикалық противоэпизоотикалық жасақ дезинфекция, өңдеу, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Лаборатория қорытындысын алғаннан кейін 1 шілдеде бірден карантин енгіздік", - деді Сапаров Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, ауылдардағы карантин 15 күнге созылады. Осыдан кейін жаңа сынамалар алынып, сібір жарасы расталмаса - карантиндік шектеулер алынады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар