
Темекі бағасына қатысты бұйырқ өз күшіне енді.
Елімізде темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің бұйрығында бұл баға шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін күшінде болатыны айтылған.
2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 "Сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигарилаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Бұйрыққа сәйкес, ең төменгі бөлшек сауда бағасы 920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда (бұған дейінгі баға – 820 теңге), 970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге) болады.
Бұйрық 2025 жылғы 1 шілде де күшіне енді.