Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жезқазғанда балалар алаңы өртенді: полиция кінәлілерді анықтады

Жезқазғанда балалар алаңы өртенді: полиция кінәлілерді анықтады
Сурет: видеодан скриншот
Жезқазғанда түн ортасында балалар ойын алаңын өртеді.

Жезқазған қаласында үйдің ауласында үш бала ойын алаңын өртеп жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 7 шілдеде түнгі сағат 4:00 шамасында Түсіпбеков көшесінде болған. 

Үш бала түн ортасында көшеден тауып алған жемпірді өртеген. Жалын балалар сырғанағына тарап, жақын жерде тұрған ағаш орындық та зақымданған.

Жезқазған полиция бөлімі оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың кім екенін анықтады. Олардың ата-аналарына бала тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін бап бойынша айып тағылды

"Бұл оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтадық. Тергеу қорытындысы бойынша олардың ата-аналары бала тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз үйден тыс жерде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар