Жамбыл облысында жігіт бұрынғы сүйіктісіне берген iPhone 15 Pro Max смартфонын қайтарып алды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:16
- 44

Жамбыл облысында ер адам бұрынғы сүйіктісіне берген iPhone 15 Pro Max смартфонын қайтарып алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жігіт 530 мың теңге тұратын смартфонды несиеге алған және оны қызға уақытша пайдалануға берген. Ол кезде қыздың телефоны бұзылып қалған екен. Алайда кейін құрылғысын қайтармақ болғанда, қыз қарсы шыққан.
Бойжеткен сотта смартфонды жігіт сыйлыққа бергенін және мобилограф болып жұмыс істеуі қажеттігін айтты.
Бірақ сот мұны растайтын дәлелдер жоқ екенін айтып, телефон жігітке тиесілі деп шешім шығарды. Сот гарантиялық талон, меншік құқығын растайтын құжаттар мен басқа да айғақтарды зерттей келе, құрылғыны иесіне қайтаруды міндеттеді.
Айта кетейік, ҚР Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес, меншік иесі өзінің мүлкін басқа адамның заңсыз иелігінен талап етуге құқылы.
Сот шешімі заңды күшіне енді. Енді қыз смартфонды қайтаруы тиіс.