Перизат Қайрат тергеу изоляторының қызметкерлері оны ұрғанын айтып, көзіне жас алды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:09
- 62

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті. 3 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған қайырымдылық қорының басшысы Перизат кінәсін мойындамайтынын жеткізіп, көзіне жас алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "КТК" арнасы. жаңалықтарына сілтеме жасап.
"Маған бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы берілген емес. Бүгін өз анамды бірінші рет көріп тұрмын. Заң жүзінде, иә, анама күдікті мәртебесі тек 18 наурызда берілді. Барлығын нақты түсінуіңіз үшін айтайын — менің барлық заңды құқығым бұзылды", - дейді Перизат Қайрат.
Іс ішінара жабық форматта өтеді. Яғни айыптаушыларды сұрау сәтіне журналистер қатыстырылмайды. Алғашқы отырыс 14 шілдеге жоспарланған. Перизат Қайрат тергеу изоляторының қызметкерлері оны ұрғанын айтып, көзіне жас алды.
Бұл туралы қылмыстық іс қозғалған, дейді арна тілшілері.