Шымкентте ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған: сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025
- 212

Шымкентте бұрынғы сүйіктісін өлтіріп, кейін оның денесін қорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кісі өлтіру және қылмысты жасыру деректері бойынша екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтіргеннен кейін жасөспірім танысынан мәйітті жасыруға көмектесуін сұраған. Екеуі бірге марқұмның денесін басқа жерге апарып тастаған.
Сот үкімі бойынша Т. есімді азамат ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы («Адам өлтіру») және 314-баптың 1-бөлігі («Мәйітті қорлау») бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мәйітті жасырған 19 жастағы жасөспірімге қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Амнистия актісіне сәйкес жаза 1 жыл 4 айға дейін қысқартылды.
Ол кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Жасөспірімнің кәмелет жасқа толмағаны және 3-топ мүгедектігі – жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылды.
Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 10 жасар баланы ит талады: ер адам марапатталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025