Қоғам
Тоқаев Қазақстандағы туристік аймақтардың дайындығын сынға алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025
- 78

Президент Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Алакөлдегі туризмді реттеуді тапсырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударды.
"Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай.