Қоғам
Астанада ер адам Министрліктер үйін өртемек болды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2025
- 527
24 жастағы жігіт Министрліктер үйіне өрт қойды.
Астанада 24 жастағы ер адам Министрліктер үйінің кіреберістерінің бірінде өрт қоюға әрекет жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бұл туралы желіде видеосы пайда болды. Ол кіреберістегі турникетке жанғыш қоспаны лақтырған.
Қазіргі кезде Астана Полиция департаменті ер адамды ұстағанын хабарлады.
"Өрт ТЖД қызметкерлері тарапынан жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына өрт сөндірушілері де келіп жеткен. Ғимарат толық тексеріліп, түтін жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 желтоқсан, 2025




