Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады

Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады
Сурет: my-egov-kz.ru
Нотариустың атқарушылық жазбасын алу енді қиын болмайды.

Қазақстандықтар тағы бір құжатты электрон форматта ала алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Уәлидің айтуынша, бұған дейін нотариустың атқарушылық жазбасы тек қағаз түрінде рәсімделетін. Оны алу үшін азаматтар нотариусқа жеке барып, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы, содан кейін сот орындаушыға жүгінуі қажет болатын.

"Нотариустың атқарушылық жазбасы – бұл қарызды мәжбүрлеп өндіру үшін қажетті құжат. Яғни, борышкерден ақша немесе мүлік өндіру мақсатында нотариус арнайы белгі – атқарушылық жазба жасайды. Мысалы, егер қарыз немесе жалға алу шарты болса, ол нотариалды куәландырылған немесе нотариустың атқарушылық жазбасын жасау туралы ескертуі бар болса, өндіріп алушы тікелей сот орындаушыға жүгіне алады, сотқа барудың қажеті жоқ. Бұл уақытты үнемдейді және өндіріп алу рәсімін жеңілдетеді", – деп түсіндірді ол.

Енді бұл рәсім оңайлатылды: атқарушылық жазба нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы электрон форматта рәсімделеді. Бұл құжат қағаз нұсқасымен бірдей заңды күшке ие.

Борышкерге хабарлама жіберілетін жеке кабинет құрылды. Борышкер дәлелді қарсылық жолдаған жағдайда, нотариус атқарушылық жазбаны жоюы тиіс.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар