Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«33 күн аппаратта жатты»: Бағым Мұхитденова марқұм күйеуі туралы айтты

«33 күн аппаратта жатты»: Бағым Мұхитденова марқұм күйеуі туралы айтты
Сурет: видеодан скриншот
Бағым Мұхитденова марқұм күйеуінің қай жері ауырғанын айтты.

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова марқұм күйеуі туралы айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, марқұм күйеуі ауруханаға баруға асықпаған. Сол уақыттың аралығында ауруы қабынып кеткен.

«Оның өкпесі қабынған. Ол ауруханаға барудан бас тартып жүрді. Жаңа жыл қарсаңы болатын. «Мерекеден кейін барамын» деп ешқайсымызды тыңдамады. Қаңтардың 2-сі оны жедел дәрдем алып кетті. Келесі күні маған дәрігерлер хабарласып, оның жағдайы ауыр екенін айтты. Одан кейін өкпенің жасанды вентиляциясы аппаратын қойдырдық. Осы жерде жездем Тұрсен Алагөзовтің көп көмегі тиді. Оған алғысымды білдіргім келеді. Біз ұзақ уақыт күрестік. Ол аппаратта 33 күн жатты. Өкпе орналастыруды ойладық. Бірақ ол шыдай алмады. 33 күн ол өте көп. Мен шығармашылық адамымын. Табысым да көп емес. Медицина саласы өте қымбат. Ол 33 күн аппаратта жатты. Көзін ашпаған күйі оянбай кетті. Біз оны құтқара алмадық. Былай қарасаң, 4 күн ғана ауырған болатын, бірақ асқынып кетіп отыр», - деді Бағым.

Айта кетсек, сұхбатында Бағым Мұхитденова өзінің Димаш Құдайбергенге айтқан сыни пікірі үшін ешкімнен кешірім сұрамайтынын айтқан болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар