Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шаш та ағарды, салмақ та қосылды, жүйке де жұқарды»: Дана Нұржігіт өмірінен сыр шертіп, әйелдерге кеңес берді

«Шаш та ағарды, салмақ та қосылды, жүйке де жұқарды»: Дана Нұржігіт өмірінен сыр шертіп, әйелдерге кеңес берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Дана Нұржігіт елуден асқан әйелдерге ақыл айтты.

Журналист Дана Нұржігіт өзінің өмірі туралы айтып, елуден асқан әйелдерге ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Құрбым, өзіме айтқанды саған да айтамын! Тыңдашы! Мынау 2015 жылғы фото. Астанаға көшкен жылым. Бұдан бері көп нәрсе өзгерді. Шаш та ағарды, салмақ та қосылды, жүйке де жұқарды, қателік те көп болды, денсаулық бұрынғыдай емес…

Осылай да айтуға болады! Бірақ…бұл сөздер саған  жігер беріп, ертеңге деген сеніміңді бекем етуге септігі бар ма? Жоқ! Олай болса, айтпа! Миыңды әдемілікті көруге, жақсы сөз айтып, жақсылықты ғана көруге үйрет! Жамандық онсыз да жетіп жатыр! Одан да өзіңді орныңнан тұрғызатын, өмірді сүюге талпындыратын сөзбен қуаттандыр! Ал, қайта баста, кәнеки!», — деп Дана Нұржігіт әйелдерді жігерлендірді.

Тележүргізуші жылдар ішінде көптеген жұмыстар атқарғанын айтты. Өз-өзін қолға алып, басқа қырынан ашылығанын жеткізді.

«Баламды өсірдім, әкесімен жүздестірдім, сотта жеңіске жеттім, сынақтан өттім, өзімді өзім қолға алып, спортқа бет бұрдым, YouTube арна аштым, өз шеберханамды жүргіземін, кітап жазып жатырмын…тағы не? А! Кеше өмірімде бірінші рет үстіме тырысқан спорт киім киіп видео жаздым, ол да бар айтпақшы! Ас, ұйқы дегенде де, адамдармен қарым-қатынаста да сапаны таңдайтын болдым. Формаға емес, мазмұнға мән бер! Мәңгіліктің өлшемінде бәрі тозаң. Дәл қазіргі сәттен ләззат тауып үйрен, құрбым! Батыл бол! Бақытты бол!», — деп толықтырды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар