Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ШҚО-да әкесі 10 жасар ұлын құтқармақ болып, оның көз алдында суға батып кетті

ШҚО-да әкесі 10 жасар ұлын құтқармақ болып, оның көз алдында суға батып кетті
ашық дереккөз
ШҚО-да Глубокий ауданының Карагужиха аулында 10 жасар ұлын құтқармақ болған әкесі мерт болды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
10 жасар бала әкесімен бірге өзен жағасында демалып жатқан. Осы кезде бала таудан ағып жатқан өзенге түспек болыпты. Алайда ол суға бата бастаған. Ал ұлын құтқармақ болған әкесі оны жағаға шығарғаннан кейін, ағысқа төтеп бере алмаған. Салдарынан өзеннің қатты ағысы ер адамды ағызып әкетіпті. «Іздестіру шарасы бірнеше күнге созылды. Су деңгейі шамамен 10 сантиметрге түскенше жалғасты. Нәтижесінде оқиға орнынан 25 шақырым жерден ер адамның мәйіті табылды», – дейді құтқарушы Валерий Лытарь. ТЖД мәліметінше, демалыс күндері өңірде тағы екі адам суға батып кеткен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар