Басты жаңалықтар
Анасының сүті арқылы ағзасына түскен есірткі кесірінен 11 апталық сәби қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2018
- 267
АҚШ-тағы Пенсильвания штатының тұрғыны Саманта Уитни Джонс өз баласын өлтірді деп айыпталып отыр. Анасының сүті арқылы 11 апталық нәрестенің ағзасына қауіпті мөлшереде есірткі түскен. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде, сәбидің ағзасынан метадон, амфетамин мен метамфетамин табылған.
Бұл туралы Fox 29 Philadelphia news хабарлайды.
30 жастағы Джонстың сөзінше, күйеуі жұмысқа кеткеннен кейін, ол сәбиін емізіп, төсекке жатқызып, ұйықтап қалған. Бір сағаттан кейін ол сәбиінің бозарып кеткенін, ал мұрынан қан ағып жатқанын байқапты. Қатты шошынған әйел анасын көмекке шақырған. Өз кезегінде кейуана құтқару қызметінің диспетчерінің нұсқаулығымен сәбиге жүрек-өкпе реанимациясын жасай бастапты. Ал үйге полиция келген кезде, сәбидің жүрегі тоқтап қалғанын анықтаған.
Артынша сәби ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер 2 сағаттан кейін оның өлімін тіркеді.
Джонстың айтуынша, оған метадонды ауруды басатын дәрінің орнына жазып берген. Сондықтан ол метадонды жүктілік кезінде де, босанғаннан кейін де қабылдап жүрген.
Әйелдің сөзінше, бастапқыда ол сәбиін омыраудан емізіп жүрген. Біраз уақыттан кейін баланыі қарны тоймай, мазасызданатын болған соң, ол жасанды қоспа бере бастапты.
Бала қайтыс болар күні ол таңғы сағат 3-те оянып алған. Джонс қатты шаршап тұрғандықтан, төменге түсіп, қоспа дайындауға ерінген. Сөйтіп омыраудан емізген екен.
Оқиға салдарынан сәбидің анасы тұтқындалды. Аталған іс бойынша сот тыңдалымы 23 шілдеде өтеді. Ал оның 2 жасар ұлы қазіргі уақытта әкесінің қамқорлығында.