Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Олжас Бектенов перизат Қайраттың ісінен кейін қайырымдылық саласына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажет екенін айтты.

Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайраттың атышулы ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Брифингте журналистердің сауалына жауап берген Олжас Бектенов қоғам белсендісі Перизат Кайраттың ісімен таныс екенін айтты.

"Иә, мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отыр, тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардан қайырымдылық түрінде жиналған қаражат та мақсатсыз жұмсалатнын – бұл соның айқын мысалы. Бұл жалғыз мысал емес, басқа да осындай жағдайлар бар. Бірақ бұл – ең даулы, ең шулы іс шығар", – деді премьер.

Бектеновтың айтуынша, осындай жағдайлардың алдын алу үшін қайырымдылық саласына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

"Құқық қорғау органдары, менің ойымша, қаражатты жымқыру қандай жолмен жүзеге асырылғанын көрсететін нақты механизм ұсынады. Соның негізінде болашақта осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қандай да бір заңнамалық түзетулер қабылдануы мүмкін", – деп қосты министрлер кабинетінің басшысы.

Еске салсақ, Астанада қоғам белсендісі Перизат Кайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Оларға аса ірі көлемде ұрлық және алаяқтық жасады деген айып тағылған. 14 шілде, дүйсенбіде прокурорлар айыптау актісін оқып, Перизат Кайраттың қылмыстық жоспарын баяндады. Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ.

Бұған дейін прокурорлар Перизат Кайрат пен оның анасы жалпы сомасы шамамен 3,5 миллиард теңгені жымқырғанын мәлімдеген болатын. Бұл қаражатқа олар шетелге саяхат жасаған, пәтерлер, люкс автокөліктер, қымбат зергерлік бұйымдар мен басқа да заттар сатып алған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар