Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды

Туризм және спорт вице-министрі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Бауыржан Рапиков Қазақстан Туризм және спорт вице-министрі қызметіне келді.

15 шілдеде Бауыржан Рапиков Қазақстан Туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.", - делінген хабарламада.

Үкімет басшысының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Рапиков 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы "Алпроф" ЖШС-де программист болып бастады.

2009–2012 жылдары – "Казгидромет" РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.

2012–2013 жылдары – "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" РМК "Мемжеркадастр ААЖ" жетекші маманы, басқарма бастығы.

2013–2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015–2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы.

2017–2018 жылдары – "Самұрык-Қазына" корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.

2018–2020 жылдары – "Қазгидромет" РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2020–2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.

2022–2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.

2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар