Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Перизат Қайрат ісі: зейнеткер су тасқынына деп аударған 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етті

Перизат Қайрат ісі: зейнеткер су тасқынына деп аударған 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етті
Сурет: КТК арнасы
Өткен жылы су тасқыны кезінде Перизат Қайрат жетекшілік еткен қайырымдылық қорға зейнеткер 1 миллион теңге аударған.

Зейнеткер Перизат Қайрат басқаратын қорға тасқын кезінде аударған 1 миллион теңгені қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін Астана сотында көктемгі тасқын кезінде көрсетілген қайырымдылық көмектерге қатысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.

2024 жылдың сәуір айында зейнеткер Әмина Аймағамбетова банк қосымшасы арқылы Перизат Қайрат басқаратын “BizBirgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық ұйымына 1 миллион теңге аударған.

“Сол кезде көп жарнама шықты. Бірақ неге екені белгісіз, дәл осы ‘BizBirgemiz’ атауы сенімді көрінді. Көмек нақты мұқтаж жандарға жетеді деп ойладық — содан жібердім. Зейнеткерлер үшін мұндай ақша артық емес қой”, — деді әйел.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар