Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жарық судың ар жағынан көрінді…” — клиникалық өлімнен аман қалған ер адам арғы өмір туралы айтты

“Жарық судың ар жағынан көрінді…” — клиникалық өлімнен аман қалған ер адам арғы өмір туралы айтты
Сурет: This Week in Startups / YouTube
Клиникалық өлімді бастан кешкен америкалық меценат арғы өмір туралы ерекше әсерімен бөлісті.

Америка Құрама Штаттарындағы Omaze қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы Мэтт Полсон клиникалық өлім кезінде бастан кешкен тылсым сезімдерімен бөлісті. Бұл туралы Daily Star дерегіне сүйенген KYN.KZ хабарлайды.

Полсонның айтуынша, ол бала кезінен іш кебу мәселесіне тап болған. Бірнеше жылдан кейін оған хирургиялық ота жасалып, 2018 жылы ішкі тігістердің үзілуі ішек өтімсіздігіне алып келген. Ауыр асқынулар нәтижесінде ол Такоцубо кардиомиопатиясы (жүректің стреске байланысты жиырылу қабілетінің күрт төмендеуі) диагнозын алған.

Сол сәтте жүрегі тоқтап, ол төрт жарым минут бойы клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін жедел шаралар қабылдаған.

Полсон бұл сәтте өзіне тән ерекше күйді сезінгенін айтады:

“Мен жарық толы туннельді көрмедім. Бірақ алыстан теңіздей жылтырап тұрған жарықты байқадым. Ол мен үшін қол жетпестей әрі терең еді. Жарық судың ар жағынан көрініп тұрғандай болды. Сол жарыққа дейін тұтас ғарыш әлемі жатқандай сезілді”.

Ол өзін бүкіл ғаламмен байланыста тұрғандай сезініп, беймәлім ғарыштық энергия өрісінің бір бөлігіне айналғандай күй кешкен. Сонымен қатар, ол анасының дауысын естігенін айтады:

“Анамның даусы анық естілді: ‘Мэттью Дэвид Полсон, сен күресуің керек!’”.

Кейінірек белгілі болғандай, сол сәтте анасы шынымен реанимация бөліміне кіріп, ұлының жанында болған. Дәрігерлер науқастың өмірінен үміт үзгенімен, Полсонның ағзасы күтпеген жерден оңалып, ол толығымен сауығып кеткен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар